Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты: Он адам ауруханада жатыр
Жетісу облысында жолаушылар мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні сағат 09:30 шамасында Кербұлақ ауданының Жоламан ауылы маңында, "Алматы – Өскемен" автожолының 143-шақырымында болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
“Оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай, қатар келе жатқан КАМАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды”, – делінген алдын ала мәліметте.

Жетісу облысының құқық қорғау органдары жол апаты салдарынан екі адамның оқиға орнында көз жұмғанын растады.
“Sprinter шағын автобусының тағы 10 жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.
Департменттің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Павлодарда прокуратура қызметкері әйелді қағып өлтіргені туралы жазған едік. 60 жастағы Галина Сейтбаталова жол апатынан кейін 10 күн өткен соң көз жұмды.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады