Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог мамандар қарындағы майдан арылуға көмектесетін сусынды атады

Диетолог Эми Гудсон мен Кортни Д'Анжело кейбір сусындар іштегі майдың жиналуына әсер етсе, кейбірі одан арылуға көмектесіп, жіңішке белге жету үшін пайдасын беретінін айтады. Мамандар артық майдың жиналуымен күресетін сусын түрін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эми Гудсон салмақ тастау үшін көк шай ішуге кеңес берді. Оның айтуынша, көк шайдың құрамындағы кофеин жігерлі болуға және метаболизмді тездетуге көмектеседі. Ал сусынның құрамындағы катехиндер майдың ыдырауын арттырып, метаболизмді тездетеді.

Маман мұздатылған мока сияқты тәтті кофе сусындары салмақ қосуға ықпал ететінін ескертіп, оларды тұтынуды шектеуді ұсынды. Сонымен қатар су балансын сақтауға және газдалған минералды суды көбірек ішуге кеңес берді.



Кортни Д'Анджело алкогольді тек мөлшермен ішу керектігін айтты. Кешке алкогольді шамадан тыс тұтыну ұйқы режимін бұзуы мүмкін. Ал салма тастағысы келетіндерде жеткілікті энергия қоры болу үшін дұрыс демалуы қажет. 

Маман сонымен қатар кешкі уақытта таза суды аз ішкен дұрыс деп санайды. Оның айтуынша, ұйықтар алдында суды көп ішу зиянды тағамды көбірек жеуге әкеліп соғуы мүмкін. Ал алкоголь зат алмасуды баяулатқандықтан іштегі майдың жиналуына әсер етеді. Маман сонымен қатар суды ұйықтар алдында екі сағат бұрын ішкен дұрыс екенін айтады.

Талқылау