AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денелері қанға бөккен: Оралда 8 наурыз күні соққыға жығылған әйелдер табылды

Батыс Қазақстан облысының полицейлері екі әйелді аяусыз соққыға жыққан оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Қазір күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

телоо

Еске сала кетейік, әйелдердің жаға ұстатарлық суреттері әлеуметтік желілерде таралып кеткен еді. Сурет астындағы жазбаларда әйелдердің жерасты өткелінде орналасқан дәмханада өлтірілуі мүмкін екені туралы жазылған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті адам өлтіру фактісін жоққа шығарды.

"8 наурыз күні сағат 05.00-де Оралдағы Абай даңғылы "Андеграунд" дәмханасында 1989 жылы туған С. және 1990 жылы туған Т. есімді екі қала тұрғынына дене жарақатын салды. Олар ауруханаға жатқызылды", – дейді полицейлер.



"8 наурыз күні таңғы бестер шамасында Абай даңғылы бойындағы "Андеграунд" дәмханасында белгісіз біреу бұзақылық ниетпен екі әйелге дене жарақатын салған. Дәрігерлер тексергеннен кейін зардап шеккендер қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Тез арада қабылданған шаралармен 2000 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды. Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", –  деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр