Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Демократиялық қоғамға тән құбылыс": Әшімбаев партиялар арасында бәсеке бар ма деген сауалға жауап берді (видео)

Мәулен ӘшімбаевФото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев саяси партиялар арасында бәсеке бар ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әшімбаевтың сөзінше, қоғамда әртүрлі пікірдің болуы – заңды құбылыс. 

“Саяси партиялар арасындағы бәсеке – демократиялық қоғамға тән табиғи құбылыс. Әртүрлі пікірдің болуы заңды. Өйткені әр партия саяси додада өз ұстанымын білдіруге құқылы. Бұл саяси күрестің қалыпты көрінісі”, – деді Әшімбаев. 

Сенат төрағасының сөзінше, елдің болашағына келгенде партиялардың ортақ іске көшуі маңызды. 

“Алайда елдің болашағы, тәуелсіздік және ұлттық қауіпсіздікке қатысты стратегиялық маңызды мәселелерде партиялардың ортақ ұстаным танытуы маңызды. Мұндай ірі мәселелерде алауыздық емес, бірлік қажет. Өйткені мемлекеттілік пен тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз. Сондықтан осындай шешуші сәттерде Қазақстандағы барлық саяси партия ортақ мәмілеге келуге тиіс”, – деді Әшімбаев.

Әшімбаев партиялардың елді тәуелсіз мемлекет ретінде дамыту жолында бірлесіп жұмыс істейтініне сенетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда “Әділет” атты жаңа саяси партия құру ниеті жарияланғаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 16 Сәуір, 2026 12:05