2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш АЭС іске қосылады

2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш атом электр станциясын (АЭС) іске қосылады. Сонымен қатар төртінші АЭС салу жобасын жүзеге асыру да қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, мұндай жоспар мемлекет басшысы бекіткен атом саласын дамыту стратегиясында көзделген. Құжатқа сәйкес, 2050 жылға қарай елде кемінде үш АЭС жұмыс істейді.
Сонымен қатар Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, төртінші АЭС салу жобасын жүзеге асыру да қарастырылған. Агенттік өкілдерінің пікірінше, бұл ел экономикасы мен халықтың сенімді әрі экологиялық таза энергияға артып келе жатқан сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ОқыңызСондай-ақ Қазақстанның қолайлы өңірлерінде шағын модульдік реакторлар негізінде АЭС салу мүмкіндігі де технологиялық және экономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып қарастырылады. Таратылған хабарламада мұндай жобалар қолданыстан шығарылатын көмір электр станцияларын алмастыру үшін де қолданылуы мүмкін екені айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС "Балқаш" деп аталатыны туралы жазған едік.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен