Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС "Балқаш" деп аталатын болды

Қазақстанда алғашқы АЭС атауын таңдау үшін жалпыхалықтық конкурс ұйымдастырылмақ

Фото: Istock.com

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды. Конкурс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында eGov Mobile платформасында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған "Балқаш" атом электр станциясы" атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді.

Барлығы конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысты. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болды. 2025 жылғы 5 қыркүйекте құрамына қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірген Конкурс комиссиясы құрылды.

Түскен барлық өтінімдерден 10 460 бірегей нұсқа анықталды. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілді.

Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынды және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды.

Сонымен бірге Конкурс комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтады:
- "Атомная электростанция "Балхаш"";
- "Balkhash Nuclear Power Plant".

Бұған дейін Бұл тұралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынатынын айтқан болатын.  "Росатом" компаниясы Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен ауылында салынатын болашақ атом электр станциясының орнында жобалау-зерттеу жұмыстарына кірісті.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 16:03
Талқылау