Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлерді зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған заң аясында алғашқы үкім шықты

фельдшерФото: Видеодан скрин

Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасау ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл медицина қызметкерлерін зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған жаңа заң аясында қаралған алғашқы іс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске салсақ, биыл наурыз айында жедел жәрдем шақырған ер адам медицина қызметкеріне шабуыл жасаған еді. Ал 17 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Меруерт Абаева үкім шығарды. 

“Айыпталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бұл жаза жасалған қылмысқа сай келеді, азаматтар мен қоғамның құқығы және заңды мүддесін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар болашақта осындай құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді”, – деді судья. 

Оқиға шамамен бір ай бұрын елордадағы сауда орталықтарының бірінде болған. Сол күні айыпталушы көмек сұраған бейтаныс адам үшін жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келіп, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін, 103 нөміріне қоңырау шалған адам фельдшерге шабуыл жасаған.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталып, медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 18 Сәуір, 2026 12:08