“Ең қымбат бұйым”: Министрлік “Қыз Жібектің” қамзолы Баян Алагөзованың қолына қалай түскенін тексереді

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде өз гардеробына "Қыз Жібек" фильміндегі Жібектің қамзолы қосылғанын айтып видео жариялады. Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеода Алагөзова эмоциясын жасырмай, бұл бұйым өзі үшін ең қымбат заттардың біріне айналғанын айтады.
"Маған қазір ғана гардеробымдағы ең қымбат заттың бірін әкеліп берді, өйткені бұл жай ғана бұйым емес. Мен оны өмірімнің соңына дейін сақтаймын. Себебі бұл – “Қыз Жібек” фильмінде Жібек рөлін сомдаған Меруерт Өтекешеваның қамзолы. Бұл Гүлфайрус Ысмайылованың қолөнер туындысы. Қараңыздаршы! Осының барлығы маған бұйырды", — дейді продюсер.
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары тарихи жәдігердің кім көрінгеннің қолында жүргенін сынға алды.
ОқыңызТарихи костюмнің жеке қолға өтіп кеткеніне қатысты жаңалыққа мәдениет және ақпарат министрлігі түсініктеме берді. Министрлік мәліметінше, "Қазақфильм" киностудиясының ресми қорында Жібек кейіпкерінің бір түпнұсқа қамзолы сақтаулы.
"Бұл экспонат ұлттық кинематографияның маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалады. Продюсердің жазбасында айтылған екінші камзолдың жеке меншікке қалай өтіп кеткені қазір анықталып жатыр", — делінген хабарламада.
Министрлік мәдени құндылықтарды қорғау мәселесі ерекше бақылауда екенін және тексеру барысы туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады