Мальдив аралдарында бал айында жүрген туристің аяғын акула жұлып кетті

Мальдив аралдарында бал айында жүрген испаниялық туристке акула шабуыл жасап, аяғын жұлып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Испаниялық дәрігер Борха мен оның жары Ана үйленген соң алғашқы демалысын Мальдивте өткізбек болған. Жас жұбайлар Кудду аралындағы жағалауда, балық өңдеу зауытының маңында суға түскен. Дәл сол сәтте ер адамға акула шабуыл жасаған. Бір тістегенде оның аяғындағы етті толық жұлып кеткен.
Көп қан жоғалтқан турист тікұшақпен Мале қаласына жеткізілді. Дәрігерлер зақымданған аяғын ампутациялауға мәжбүр болған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Куддудағы зауыт бір аптаға жуық уақыт бойы балық қалдықтарын теңізге төкпеген. Сарапшылардың пікірінше, осы жағдай акулалардың ашығып, агрессив күйге түсуіне себеп болуы мүмкін.
Жәбірленушінің жұбайы бұл экскурсияны ұйымдастырған компанияны немқұрайдылық танытты деп айыптап, ресми шағым түсірген.
Айта кетейік, Мальдив аралдарында акуланың 31 түрі мекендейді.
Еске салайық, бұған дейін Акуланы суретке түсірмек болған әйел екі бірдей қолынан айырылып қалғаны туралы жазған едік.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Оқыңыз