Жел күшейіп, найзағай ойнайды: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы құбылатынын болжады
Қазақстанда 5-7 тамыз аралығында құбылмалы ауа райы болады. Көп өңірлерде жел күшейіп, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жайлы болмақ, күндіз ауа температурасы 22-27°С болады.
Ал батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарын аптап ыстық күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында ауа температурасы 34–39°С-қа дейін, ал оңтүстігінде 37–42°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Еске салсақ, Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам көз жұмды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
