Алматыда қайырымдылыққа деп автобуста заңсыз ақша жинағандар анықталды

Алматы полицейлері тұрғындарды қайырымдылыққа қаражат аудармас бұрын ұйымдар туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырды. Себебі заңсыз ақша жинайтындар анықталған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, соңғы бір аптада заңсыз ақша жинаудың екі дерегі анықталған. Аталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.
ОқыңызҚайырымдылық жасамас бұрын ұйымның ресми тіркелгеніне көз жеткізіп, оның қызметімен, қаржылық есептілігімен және ресми дереккөздерімен танысу ұсынылады.
"Біз азаматтарды қайырымдылық жасаудан бас тартуға шақырмаймыз. Керісінше, шынымен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, бірақ оны саналы түрде жасауды сұраймыз. Ұйым туралы ақпаратты тексеруге жұмсалған бірнеше минут қаражатыңыздың нақты мұқтажға жететініне, алаяқтардың қолына түспейтініне сенімді болуға мүмкіндік береді", – деді қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Сондай-ақ күмәнді жағдайлар анықталса, оны полицияға хабарлауға кеңес береді.
Еске салсақ, қайырымдылық жобасының атын жамылған пирамида қазақстандықтардан 100 миллион теңгеден астам қаражат жинаған еді.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды