Трамп Израиль әскеріне Ливанға соққы жасауға тыйым салды: Бұл шешім Нетаньяхуды таңғалдырды

Израиль тарапы АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған мәлімдемеге байланысты Ақ үйден түсініктеме сұрады. Онда Израиль әскеріне Ливанға әуе соққыларын жасауға тыйым салынғаны жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Axios басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның кеңесшілері бұл мәлімдемеге таңғалған. Себебі ол АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату туралы келісім мәтініне қайшы келеді.
Дереккөздердің айтуынша, Нетаньяху бұл жазба туралы білгенде қатты таңғалып, алаңдаушылық білдірген.
Сонымен қатар премьер мен оның командасы Трамптың пікірін БАҚ арқылы білгені, бұл олардың күтпеген жағдайға тап болғанын көрсетеді. Израиль шенеуніктері Трамптың сөздері қол жеткізілген келісімге сәйкес келмейді деп санайды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі апталық атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасағаннан кейін мұнай бағасы күрт төмендегені туралы жазған едік.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Оқыңыз