Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аманат" партиясының бұрынғы қызметкері, блогер Арай Есенбек бопсалау ісі бойынша күдікке ілінді (видео)

Фото: Іnstagram.com/araiesenbek/ Видеодан скрин

Шымкент полициясы мемлекеттік қызметкерден ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналисті қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала деректерге сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды әлеуметтік желілерде таратпау үшін 10 миллион теңге көлемінде сыйақы талап еткен. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, тергеу үшін маңызды электрондық құрылғылар мен өзге де заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің “Аманат” партиясының бұрынғы қызметкері Арай Есенбек екені анықталды. Арай Есенбек осы жылдың сәуір айына дейін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша “Аманат” партиясы филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған.

Ведомство барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 11:11