Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Ресей мұнайын жеткізуге рұқсат беретін лицензия мерзімін тағы бір айға ұзартты

мұнайФото: reuters.com

АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік мұнайды жеткізу мен сатуға рұқсат беретін бас лицензияның мерзімін тағы бір айға ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл лицензия 17 сәуірге дейін кемелерге тиелген ресейлік мұнайға ғана қатысты. Бас лицензия министрліктің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) сайтында жарияланды. 

Құжат осы жылдың 19 наурызында берілген алдыңғы лицензияны алмастырады. Сонымен қатар оның Иранға, ел үкіметіне немесе ирандық тауарлар мен қызметтерге қатысты операцияларға қолданылмайтыны атап өтілген.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бүкіл әлем бойынша Ресей мұнайын сатып алуға қатысты санкцияларды 11 сәуірге дейін алып тастағаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 18 Сәуір, 2026 08:11