Лукашенко АҚШ "нағыз демократияны" Беларусьтен үйренуі керек екенін мәлімдеді (видео)

Александр Лукашенко АҚШ-қа “нағыз демократияны” Беларусьтен үйрену қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Лукашенконың сөзінше, Беларусьте Америкадан жүз есе артық демократия бар.
“Мұны бұрыннан айтып келемін: АҚШ демократияны бізден үйренуі керек. Бізде сіздерден жүз есе көп демократия бар. Шынайы демократия бар және нақты адам құқықтары қорғалған. Егер адамдарды өлтіріп жатсаңыздар, адам құқықтары туралы қалай айтуға болады? Адам өлтірілсе, оның қандай құқығы қалады? Ол өлі”, – деді Александр Лукашенко.
Лукашенкоға “АҚШ-та шынымен демократия бар ма, ал Беларусьта диктатура ма” деген сұраққа жауап берды. Оның айтуынша, Батыста “демократия мен адам құқықтары туралы тек сөз жүзінде айтылады”.
Оқыңыз“Мұның бәрі бос сөз. АҚШ-тың Венесуэладағы саясаты, Кубаға қоқан-лоққы жасауы, Таяу Шығыстағы соғыс және басқа әрекеттері олардың нағыз диктатор екенін көрсетеді. Сіздер демократ емессіздер”, – деді Лукашенко.
Ол дәлел ретінде АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасаған шабуылын да мысалға келтірді. Сол кезде зымыран соққысы салдарынан 170-тен астам адам қаза тапқан. Пентагон бұл шабуылға қатысты тергеу бастаған. Ал The Washington Post басылымы оқиғаға барлау қателігі себеп болуы мүмкін екенін жазған.
“АҚШ өзінен мыңдаған шақырым қашықтықтағы, еш қауіп төндірмеген тәуелсіз елдегі мектепті бомбалады. Онда балалар мен мұғалімдер қаза тапты. Екі жүзге жуық адам мерт болды”, – деді Лукашенко.
Оның айтуынша, АҚШ саясаты демократия мен адам құқықтарына емес, өз мүдделеріне негізделген.
Айта кетейік, бұған дейін Лукашенко Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеуге ниеті барын айтқаны туралы жазған едік.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)