Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда ПСЖ жеңісінен кейін тәртіпсіздіктер басталды

Париж тәртіпсіздіктер
Фото: Reuters

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалынан кейін Парижде жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан кейін кейбіт тұрғындар көліктерді өртеп, автобус аялдамаларын қиратты, ал қала көшелерінде атыс дыбыстары естілді. Полиция қатаң шаралар қолданып жатыр.

Le Figaro газетінің хабарлауынша, Чемпиондар Лигасының финалындағы ПСЖ жеңісін тойлауға шыққан жүздеген жанкүйер Париж айналма жолын жауып тастады.

Франция астанасының солтүстік-батысындағы жолдың ортасында жиналған үлкен топтың екі бағытта да көлік қозғалысын жауып тастағаны көрсетілген. Кейбір жанкүйерлер отшашу атып жатыр.

Париж тәртіпсіздіктер
Фото: Видеодан скриншот

Скутер мінген екі адам жанкүйерлердің тығылысы кезінде жол-көлік оқиғасына ұшырады, олардың жағдайы ауыр. Париж полициясы жиналғандарды тарату үшін оқиға орнына төрт моторлы арнайы топ жіберді.

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес тәртіпсіздіктер кезінде 416 адам ұсталғанын, олардың 283-і Парижде ұсталғанын мәлімдеді. Жеті полиция қызметкері жарақат алды, олардың бірінің жағдайы ауыр. Бұған дейін кем дегенде екі жанкүйердің жарақат алғаны туралы хабарланған. Біреуі Сенада суға батып кете жаздады, ал екіншісі пышақталған.

Чемпиондар лигасының финалы сенбі күні Будапештте өтті. Францияның ПСЖ командасы ағылшынның "Арсеналын" жеңіп, турнирде екінші жыл қатарынан жеңіске жетті.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 31 Мамыр, 2026 12:05