"Көңілдестердің есімдері аталады": Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы жаңа кітап шығармақ

Қуандық Бишімбаевтің экс-жұбайы Назым Қахарман өзінің өмірбаяндық кітабын шығаратынын айтты. Онда Бишімбаевтың көңілдес әйелдерінің есімдері де жарияланады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жаңалығымен Instagram парақшасындағы оқырмандарына хабарлады. Назым Қахарманның сөзінше, кітаптың тұсаукесері күзде өтеді. Қазір қолжазба баспада редакциялық оқылымнан өтіп жатыр.
“Әрине, бұл автофикшн жанрындағы шығарма. Кітап шынайы оқиғаларға негізделген. Яғни өмірбаян. Бірақ ішінде көркемдік қиялдан туған тұстар да бар”, – деді ол.
Автофикшн – автордың жеке өмірінен алынған шынайы оқиғалар мен көркем элементтерді біріктіретін әдеби жанр. Мұндай шығармаларда басты назар оқиғаларды дәл жеткізуге емес, автордың сезімі мен жеке тәжірибесін көрсетуге аударылады.
Назым Қахарман кітапта бұрынғы күйеуінің көңілдес әйелдерінің есімдерін жариялайтынын, бірақ олардың тегін атамайтынын айтты.
“Менің бұрынғы күйеуімнің көңілдес әйелдері сіздер менің кітабыма кірдіңіздер және бәріңіз өз есімдеріңізбен боласыздар! Тұсаукесер күзде өтеді.
Мен сіздерге ешқашан жазған жоқпын және төбелес те шығарған жоқпын. Бірақ бұл сіздер туралы ештеңе білмеймін дегенді білдірмейді. Себебі мен бұл жағдайды тек бұрынғы күйеуіммен ғана шештім. Бұл дұрыс шешім деп санаймын. Бірақ көңілдес болуды таңдаған адамдар да өз таңдауын жасайды. Оның салдары да болады, тіпті бір күні біреудің кітабында көрінуі мүмкін”, – деді ол.
ОқыңызНазым Қаһарман бұл тақырыпты адвокаттары Бибінұр Мұратова мен Сәуле Дүйсеновамен талқылағанын алға тартты.
“Мен есімдерді, кейбір жағдайда лақап аттарды сол күйі қалдырдым. Тек тектерін алып тастадым. Айтпақшы, жұбайының опасыздығынан өтетіндер үшін менде осы тақырып бойынша өз тәжірибеме негізделген дәрістер бар. Қашан кешіру керек, қашан кешірмеу керек, сатқындықты қалай еңсеру және өзіңді жоғалтпау туралы.
Бірінші сот процесінен кейін менде бұрынғы күйеуімнің екі жыл ішіндегі барлық хат-хабарлары сақталған. Егер маған қарсы талап түссе, өзімді қорғай аламын. Ол кезеңнен қалған телефон скриншоттары бар. Менің өтірік айтпайтынымды дәлелдеуге мүмкіндігім жетеді”, – деді ол.
Еске салайық, өткен жылдың күзінде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы жазған “Её звали Салтанат” кітабы жарық көрген болатын. Онда автор Нүкенова мен Бишімбаев арасындағы қарым-қатынасты, қайғылы оқиғаға дейінгі жағдайларды. Сот процесін және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін баяндаған.