Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтың әпкесімен Instagram-дағы жазбаларына байланысты соттасты

Астанада Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың әпкесі Аружан Бишімбаева арасындағы дау сотқа жетіп, іс ішінара қанағаттандырылды. Сот Instagram желісіндегі бірқатар мәлімдемені шындыққа сәйкес келмейді деп танып, оларды теріске шығаруды міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024 жылдың мамырында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенова өліміне байланысты 24 жылға сотталған еді. Алайда осы қайғылы оқиғадан кейін марқұмның және сотталғанның туыстары арасындағы дау әлі де жалғасып келеді.
Өткен жылдың күзінде Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді "Ее звали Салтанат" атты естелік кітабын жариялаған еді. Аталған туындыны Аружан Бишімбаева сынға алып, ол Instagram желісіне жариялаған. Ол авторды хайп үшін трагедияны пайдаланды, әлеуметтік желілерде боттарды қолданды және қаржылық пайда тауып жатыр деп айыптаған.
"Сіз менің бауырымды жеңіл пайда табу үшін қолданып, “Ее звали Салтанат” арқылы айналымға түсірдіңіз", "Сенің сыбайластарың Telegram арқылы хабарласып, бауырымды қорғаудан бас тартуды талап етіп, оның өміріне қауіп төндірді", "Екі жылдан бері халықты алдап, оның жанашырлығы мен аяушылығынан пайда тауып жүр" деп жазған Бишімбаевтың қарындасы.
Көп айға созылған сот процесі нәтижесінде талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Судья Гүлнұр Сейтхожина келесі мәлімдемелерді шындыққа сәйкес келмейді деп таныды.
Сонымен қатар Аружан Бишімбаевадан мамандар қорытындысы үшін 500 мың теңге, сот сараптамасына 125 мың теңге, өкілдік шығындарға тағы 500 мың теңге және моральдық зиян ретінде 100 теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды. Ол Амангелдінің әлі күнге дейін Бишімбаевтың көмегімен алынған пәтерде тұратынын да алға тартқан.
Мәлімдемелерге жауап ретінде Айтбек Амангелді олардың мазмұнын нотариус арқылы бекітіп, сотқа жүгінген. Ол жарияланған ақпаратты жалған әрі ар-намысына нұқсан келтіретін деп тануды талап етті. Талап арызға екі сараптамалық қорытынды тіркеліп, онда Бишімбаева айтқан сөздердің талапкерге қатысты жағымсыз пікір қалыптастыратыны көрсетілген.
Өз кезегінде жауапкер тарапы бұл пікірлердің барлығы бағалау сипатындағы субъективті көзқарас екенін, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін жеке пікір екенін алға тартқан. Осы қарама-қайшылықтарға байланысты сот қосымша сараптама тағайындады.
ОқыңызСот сараптамасы нәтижесінде Бишімбаеваның кейбір мәлімдемелерінде нақты негативті мазмұн бар екені және олардың бір бөлігін тексеру қажет екені анықталды. Осылайша, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты істі ішінара қанағаттандырды. Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкенова туралы кітап жазып шығарғанын әлеуметтік желіде жариялаған еді. Оның айтуынша, кітап Салтанаттың өмір жолына, мінезіне, отбасы үшін қандай адам болғанына және оның тағдырына арналған. Алғашқы тиражы 7 мың дана болып, кітап Қазақстандағы сауда желілерінде сатылымға шыққан. Алайда кітаптың жарық көруі қоғамда екіұдай пікір туғызды. Бір тарап оны марқұмға арналған естелік деп қабылдаса, екінші тарап мұны қайғыны жария кеңістікке шығару және коммерциямен байланысты әрекет ретінде сынға алды.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?