KAZ Minerals кенішінде мамырдан бері екінші жұмысшы қаза тапты
KAZ Minerals кенішінде мамыр айының басынан бері екінші жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 мамыр шамамен сағат 20:30-да "Востокцветмет" ЖШС-нің Артемьевская кенішінде тас құлау салдарынан жұмысшы қаза тапты.
Апат болған жердегі барлық жұмыс дереу тоқтатылған.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептерін құзыретті мамандар мен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Абай облысындағы Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапқан еді.
"Бір қой, екі сиыр сатып алып, кәсіп бастадым": Оңтүстіктен солтүстікке көшкен отбасы қалай өмір сүріп жатқанын айтып берді
Мадина әкімдіктен үй алып, кәсіп бастауға қайтарымсыз грант та ұтып алған
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
