Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы істе сіздерге әрдайым көмектесуге дайынбыз": Лукашенко Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеуге ниеті барын айтты

Алексей ЛукашенкоФото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде Мәжіліс спикері Ерлан Қошановпен кездесіп, жаңа Конституцияны әзірлеуге көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында Беларусь басшысы Қазақстанда жаңа Конституцияны әзірлеу және қолданыстағы негізгі заңды жаңғырту үдерісіне көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Беларусь тарапында бұл бағытта тәжірибесі мол заңгерлер мен практик-мамандар жеткілікті.

"Сіздер Конституцияны жаңғыртуға кірістіңіздер. Егер біз осы үдерісте пайдалы бола алсақ, әрдайым көмектесуге әзірміз. Заңгерлер мәтінді жазады, ал тәжірибелі практиктер нақты бағыт-бағдар береді", – деді Александр Лукашенко.

Сонымен қатар Беларусь президенті посткеңестік елдердің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтаудың маңызын атап өтті. Ол Беларусь пен Қазақстанның халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ортақ екенін айтты.

"Айырмашылық мүлде жоқ. Біз әлемнің дамуын бірдей көреміз, көпполярлы әлемді қолдаймыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылған елдердің бәрі егемен әрі тәуелсіз болуы тиіс. Бұл біздің ортақ көзқарасымыз", – деді Беларусь басшысы.



Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституцияда да орыс тілі бұрынғыдай ресми тіл мәртебесінде қалғанын жаздық. Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бекітілді. Ал орыс тілі бұрынғысынша ресми тіл мәртебесінде қалды.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 16:30