Петропавлда судың тасуына байланысты жол учаскесі жабылып, көліктердің жүруіне шектеу қойылды

Петропавлда Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жолдың бес шақырымдық бөлігі жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзендегі су деңгейі көтеріліп, су жолдың үстінен асты.
“17 сәуір күні сағат 23:30-да Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, KZ15-09 “Петропавл қаласын айналып өтетін жолдың” 28-шақырымында су жолдың үстінен асқан. Осыған байланысты 25–30 шақырым аралығында, Мамлют айналма жолынан 20-шағынаудан айналмасына дейін барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді”, – делінген хабарламада.
ОқыңызКөлік қозғалысы үшін балама бағыттар қарастырылған:
- жеңіл көліктер үшін – Петропавл қаласы арқылы;
- жүк көліктері үшін – KZ15-02 Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолы (0–30,519 км);
- KAZ13 Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолы (938–946 км);
- KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол арқылы) – Петропавл – Ресей шекарасы (Жаңа жол өткізу бекеті) автожолы (473–481 км).
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысының әкімі Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрімен бірлесіп, Астана су қоймасынан су жіберіліп жатқан Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасын тексер
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген