"Алтыналмасқа" тиесілі Пустынное комбинатында конвейер операторы қаза болды

Қарағанды облысындағы алтын өндіру фабрикасында апат болды. Бастапқы ұсақтау конвейерінің операторы ауысым кезінде мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға Пустынное алтын өндіру комбинатында болды. Компания оператордың өлімінің нақты себебін айтқан жоқ. Ер адамның бастапқы ұсақтау конвейерін басқарғаны белгілі. Енді апаттың мән-жайын уәкілетті органдар анықтайды.
"Өліммен аяқталған апат болды. Алтын өндіру фабрикасының екінші реттік ұсақтау учаскесіндегі конвейер операторы Кәрім Рымбаев қаза болды. Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді", – деп мәлімдеді "Алтыналмас" АҚ баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Павлодар облысындағы сүт фермасында кәріз құдығында жұмыс істеген 6 адам мерт болған еді.
Талқылау
Оқыңыз