Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ауа
Фото: magnific.com

“Қазгидромет” еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 25 шілде елдің бірқатар аймағында ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріліп, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атырау облысы

Күнді ыстық болып, ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Атырау қаласында 40-42 градус ыстық болады.

Қостанай облысы

Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 41 градусқа дейін жетеді. Солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Өңірде 35-38 градус ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары әрі төтенше деңгейде болады.

Ұлытау облысы

Күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың батысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жауын-шашын болып, бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды қаласында да өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары болса, шығысы мен оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысы

Өңірдің солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары әрі төтенше деңгейде болады.

Жетісу облысы

Шығыс аудандары мен таулы өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 25-27 шілде аралығында облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Дәл осындай жағдай Талдықорған қаласында да жалғасады.

Павлодар облысы

Батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында да түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал.

Ақтөбе облысы

Облыстың оңтүстік-батысында күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. 25-27 шілде аралығында ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік және орталық аудандарда өрт қаупі жоғары болса, батыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде төтенше деңгейде сақталады. Ақтөбе қаласында ауа температурасы 35-36 градус болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстігінде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Батыс және оңтүстік аудандарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Петропавл қаласында да тұман болады.

Жамбыл облысы

Оңтүстік және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Тараз қаласында да төтенше өрт қаупі жалғасады.

Ақмола облысы

Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары болса, оңтүстік-батысында төтенше деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Кей жерлерде дауылды жел соғады. Ауа температурасы 41-42 градусқа дейін көтеріледі. Орал қаласында 35-38 градус ыстық болады. Өрт қаупі жоғары әрі төтенше деңгейде сақталады.

Қызылорда облысы

Облыстың орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыс аумағында және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр құйып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Семей қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр құйып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Өскемен қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болса, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше деңгейде сақталады.

Алматы облысы

Оңтүстік және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста өрт қаупі жоғары әрі төтенше деңгейде сақталады. Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Соған қарамастан, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді.

Түркістан облысы

Таулы аудандарда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауылды жел соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Аптап ауа райынан үш өңірде жол жабындысы балқып жатқаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 24 Шілде, 2026 22:46
Талқылау