Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 2 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды

қаза
Фото: blockdit.com

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала көз жұмды. Қайғылы жағдай 22 шілде күні болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, тереңдігі 2,5 метр болатын сыртқы дәретхананың шұңқырына құлап кеткен.

“Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел жәрдем қызметі, полиция, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығының қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылар баланың денесін  алып шықты”, – делінген хабарламада.

Өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында балалар ауруханасында 6 жастағы бүлдіршінге қан құйып, С гепатитін жұқтырғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 24 Шілде, 2026 18:24
Талқылау