Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық тұрғын базарларда жалған банк чектерімен есеп айырысқан

Азық түлік
Фото: Freepik.com

Астанада қала базарларындағы сатушыларды жалған банк чектері арқылы алдады деген күдікпен 34 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, күдікті сауда орындарына қарапайым сатып алушы болып келіп, көкөніс пен жеміс-жидек таңдаған. Кейін мобильді қосымша арқылы ақша аударған кейіп танытып, сатушыларға қолдан жасалған төлем чегін көрсеткен.

Төлем жасалды деп ойлаған сатушылар тауарды бергенімен, ақша олардың есепшотына түспеген.

Тергеу барысында ер адамның осы тәсілмен бірнеше саудагерді алдағаны анықталды. Қазір оның осыған ұқсас өзге де алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бұл дерек бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция кәсіпкерлерге ақша банк шотына нақты түскеніне көз жеткізбей тұрып, тауарды бермеуге кеңес берді. Күдіктінің әрекетінен зардап шеккендер немесе осындай жағдайға тап болғандар 102 нөміріне хабарласып, жақын маңдағы полиция бөліміне жүгіне алады.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 24 Шілде, 2026 15:50
Талқылау