Дастан Сәтпаев "Челсидің" маусым алдындағы турға баратын құрамына енді

“Челси” клубының 27 футболшысы бүгін Лондоннан Сиднейге аттанады. Осылайша, команда Аустралия мен Азия елдеріндегі маусым алдындағы турын бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл сапар бас бапкер Хаби Алонсоға футболшылармен жаттығу алаңында ғана емес, одан тыс уақытта да жақынырақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тур аясында “Челси” бес жолдастық кездесу өткізеді. Барлық матч CFC+ платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы ойында лондондық клуб Аустралияның A-League чемпионатында өнер көрсететін “Уэстерн Сидней Уондерерс” командасымен кездеседі. Матч 28 шілде күні Сиднейдегі Accor стадионында өтеді.
1 тамызда дәл осы аренада “Челси” мен “Тоттенхэм” арасындағы Лондон дербиі ұйымдастырылады.
ОқыңызОдан кейін команда Гонконгке жол тартып, 5 тамызда Италияның әйгілі “Ювентус” клубымен ойнайды.
8 тамызда “Челси” Индонезия астанасы Джакартадағы GBK стадионында тағы бір италиялық алпауыт – “Миланмен” кездеседі.
Маусым алдындағы тур 9 тамызда Малайзияда аяқталады. Соңғы ойында ағылшын клубы Сұлтан Ибраһим стадионында “Джохор Дарул Та’зим” командасымен күш сынасады.
“Челсидің” маусым алдындағы турға баратын құрамы
Қақпашылар:
Филип Йоргенсен, Роберт Санчес, Тед Керд, Тедди Шарман-Лоу.
Қорғаушылар:
Джош Ачимпонг, Тосин Адарабиойо, Аарон Ансельмино, Леви Колуилл, Уэсли Фофана, Йоррел Хато, Марко Палестра, Мамаду Сарр, Тайо Субулойе.
Жартылай қорғаушылар:
Лэндон Эменало, Дарио Эссуго, Омари Келлиман, Ромео Лавиа, Мадхи Николл-Джазули, Реджи Уолш, Реджи Уотсон.
Шабуылшылар:
Лиам Делап, Джейми Гиттенс, Райан Кавума-Маккуин, Коул Палмер, Жоау Педру, Дастан Сәтпаев, Эстевао Виллиан.
Сапарға шыққан футболшылардың қатарында клубтың жазғы жаңа ойыншысы Марко Палестра мен Кобхэмдегі “Челси” академиясының бірнеше түлегі бар.
Клуб мәліметінше, негізгі құрамның бірқатар ойыншысы командаға тур барысында кейінірек қосылады. Олардың нақты қашан келетінін “Челсидің” ресми арналары қосымша хабарлайды.