Тоқаев Путиннің шақыртуымен Ресейге барады
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 25 шілдесінде Ресейге сапарға аттанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәлімдемесінде Тоқаевтың сапары туралы жазылды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілдеде 22-Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барады", – делінген хабарламада.
Іс-шара аясында мемлекет басшыларының кездесуі жоспарланған.

Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы екі ел үшін ерекше мәртебеге ие, себебі ол шекара маңындағы сауданы дамыту және стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесі талқыланады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады