Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әңгіме барысында Тоқаев Ресей президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.
“Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келіскен.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев алдағы екі жыл әлемдік экономика үшін күрделі болатынын айтқан еді.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.
