Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин орыс тіліне қолдау көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс білдірді

Тоқаев Путин орыс тілі
Фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында халықаралық ақпарат агенттіктерінің басшыларымен өткен кездесуде орыс тілін қолдауға арналған халықаралық ұйым құру бастамасы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресей президенті мұндай құрылымды құру елдер арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал ететінін айтады.

"Орыс тілін қолдау үшін халықаралық құрылым құру бастамасын көтергені үшін Қазақстан президентіне өте ризамыз. Менің ойымша, бұл – болашаққа бағытталған қадам. Ол біздің қарым-қатынасымызды сақтап қана қоймай, оны барлық бағытта, соның ішінде гуманитарлық салада да дамуға мүмкіндік береді", – деді Путин.

Ресей президенті сондай-ақ Мәскеу мен Астана арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті. Оның сөінше, қазір Қазақстанның көптеген азаматы Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Путин гуманитарлық және білім беру байланыстары екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың маңызды бөлігі болып қала беретінін қосты.

Бұған дейін Тоқаев пен Путин достық пен тату көршілік туралы маңызды құжатқа қол қойған еді. Құжаттар атом энергетикасы, білім беру, мұнай саласы, қаржылық ынтымақтастық және қауіпсіздік бағыттарын қамтиды. 

Айым Болатқызы
Жұма, 05 Маусым, 2026 08:07