Көкшетаудағы көлік жуу орнында 18 жастағы жұмысшы тоққа түсіп, қаза тапты
Көкшетаудағы көлік жуу орнында апат болып, 18 жастағы жұмысшы қаза тапты. Оның кәмелет жасқа толмаған серігі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмысшылар металл конструкцияны бөлшектеу кезінде кездейсоқ электр желісіне соғылған.
Жігіт тоққа түсіп, сол жерде мерт болды. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаменті жәбірленушінің жағдайы қазір тұрақты екенін хабарлады. Оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттарда ол үнемі медициналық бақылауда жансақтау бөлімінде болды.
Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ және ол қажетті ем-домды алып жатыр. Құқық қорғау органдары қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
Еске салсақ, "Алтыналмасқа" тиесілі Пустынное комбинатында конвейер операторы қаза болған еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен