Су тасқынына қарсы іс-шара: Астана су қоймасынан Есіл өзеніне су жіберілді
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ерболат Садырбаевпен бірлесіп, Астана су қоймасынан су жіберіліп жатқан Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасын тексерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір көлемі секундына 450 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұған дейін қорғаныс бөгеті салынып және контррегулятордан айналма канал жүргізудің арқасында су кедергісіз өтіп жатыр.
“Су тасқынына қарсы іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті. Қазір су жіберу көлемін біртіндеп азайтуда”, – деп мәлімдеді әкімдік.
- Алматы облысында еріген қар суының салдарынан жол опырылып кетті (видео)
- Қазақстанның бірқатар өңірін су басу қаупі төніп тұр, синоптиктер ескерту жасады
Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, жағдай бақылауда.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады