Венесуэладағы жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 6 мыңға жуықтады

Венесуэлада бір ай бұрын болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны артты. Қазір мерт болғандар саны 5546-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы аптада Венесуэладағы жер сілкіністерінен 148 адам қаза тапты. Родригестің хабарлауынша, барлығы 16 700-ден астам тұрғын жарақат алды.
Шамамен 18 000 адам үйлерінен айырылды. 190 ғимарат толығымен қирады, ал тағы 856 ғимарат қатты зақымданып, қазір тұруға жарамсыз.
Төтенше жағдайлар қызметі қирандылардан 6462 адамды құтқарды. Құтқарушылар ең қатты зардап шеккен аудандарда жұмыс істеуді жалғастырып жатыр, сондықтан билік жаңа өлім-жітім туралы ақпаратты жиі жариялап отырады.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 47 942 зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Баспанасыз қалғандарды орналастыру үшін уақытша лагерьлер құрылды. Зардап шеккен аудандарға азық-түлік жеткізілмек.
Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада 1 шілдеден бастап жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.
Оқыңыз