Венесуэлада жер сілкінісінен кейін сегіз күн үйінді астында жатқан адам тірі табылды

Венесуэлада жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан ер адам тірі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
43 жастағы Эрнан Альберто Хиль Флорес жағалаудағы Ла-Гуайра қаласынан табылып, құтқарылды. Ол 24 маусымнан бері "Galerias Playa Grande" сауда орталығының жертөлесінде үйінді астында жатқан.
Ер адам сауда орталығында күзетші болып жұмыс істеген. Ол жер сілкінісі болған кезде ауысымда болып, күзет бекетінде отырған. Дәл сол бекет оны құлаған бетон сынықтарынан қорғап, ішінде ауа жиналған бос кеңістік пайда болған. Соның нәтижесінде сегіз күн бойы төзіп, тірі қалған.
ОқыңызЕске салсақ, 24 маусым күні Венесуэлада араға бір минут салып екі қуатты жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік. Алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балл болса, небәрі бір минут өткенде магнитудасы 7,5 балл болатын екінші жер сілкінісі тіркелген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адам қаза табуына және жарақат алуына байланысты Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 2295 адам қаза тауып, 11 267 адам жарақат алған. Сонымен қатар жүздеген тұрғын үй қирап, инфрақұрылым нысандары мен ауруханалар зақымданды. Елдің басты әуежайы да уақытша жабылды.
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады