"Қызметкерлерде техника жоқ": Венесуэла халқы үйінділерді өз қолымен қазып, билікті сынға алды

Өткен аптада болған екі жер сілкінісінен зардап шеккен Венесуэланың көптеген өңірі әлі күнге дейін уәде етілген мемлекеттік көмекті алмаған. Құтқару жұмыстарының көп бөлігін жергілікті тұрғындардың жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ла-Гуайрада адамдардың сүймен, балға және қайла секілді қарапайым құралдардың көмегімен туыстары мен көршілерін үйінді астынан іздеген. Ондаған мың адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Дүйсенбі күні таңертең тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Алайда жаңа қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкіністері салдарынан 1700-ден астам адам қаза тапты. Елдің уақытша президенті Делси Родригес бұл апатты "Венесуэла тарихындағы ең жойқын табиғи апат" деп атады.
Елге халықаралық гуманитарлық көмек жеткізілгенімен, үйінді астынан тірі адамдарды табуға деген үміт күн өткен сайын азайып келеді. Үйінді астынан аман құтқарылған соңғы адам – 21 жастағы жігіт. Оны Карабальеда қаласында Венесуэла, Мексика және Сальвадор құтқарушыларының бірлескен тобы дүйсенбіге қараған түні құтқарып, алып шыққан. Жігіт қираған ғимарат астында 100 сағаттан астам уақыт болған. Президент Найиб Букеленің айтуынша, Аарон Леви Кантильо Варгас есімді азаматқа қазір мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Өткен сәрсенбіде Венесуэланың солтүстігіндегі Ла-Гуайра штатында арасына небәрі 39 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Соның салдарынан 800-ге жуық ғимарат қираған.
Дүйсенбі күні Ла-Гуайра мен Венесуэла астанасы Каракаста тағы да афтершок сезілді. Қайталама жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 болды.
Көршілес Катия-Ла-Мар қаласында негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған жергілікті еріктілер мен халықаралық құтқару топтары қатысуда. Олар биліктің апатқа дер кезінде әрі тиісті деңгейде әрекет етпеді деп сынға алды.
32 жастағы электрик Рубен Рохас үйінділерді тек қолғап пен каска киіп тазалап жүр.
"Азаматтық қорғау қызметкерлері көмектескісі келеді, бірақ оларда қажетті техника жоқ. Үкімет оны қамтамасыз етпеген. Олар да біз сияқты қолмен жұмыс істеуге мәжбүр", – дейді ол.
Ла-Гуайра қаласында жер қазатын ауыр техникалар біркелкі жеткізілмей, ара-тұра ғана пайдаланылып жатыр. Жергілікті тұрғындар бірнеше күн бойы бір ғимараттың үйіндісін өз күштерімен аршыған, ал ауыр техника оқиға орнына тым кеш жеткен.
39 жастағы Кэролин Зерпа әкесі мен бауырын үйінді астынан қолмен іздеуге тырысқан. Алайда ол бір ғана қайламен көп нәрсе істеу мүмкін емес екенін жеткізді. Кейін Кэролин Зерпа тірі қалғандарды емес, жақындарын лайықты жерлеу үшін олардың мәйіттерін іздеуге кіріскен.
Ла-Гуайрада 15 жылдан бері тұратын Зули Марин мұндай апатқа алдын ала дайындалу мүмкін болмағанын айтады. Алайда оның пікірінше, билік тым баяу әрекет еткен. Ол жиені мен күйеу баласынан айырылған. Егер құтқарушылар мен экскаваторлар ертерек келгенде, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болар еді дейді ол.
Каракастың батысындағы таулы Эль-Хункито ауданының тұрғындары Reuters агенттігіне мемлекеттік қызметкерлердің өте аз болғанын айтқан. Олардың сөзінше, қауымды азық-түлік пен басқа да ең қажетті заттармен фермерлер мен жергілікті тұрғындар қамтамасыз етіп жатыр.
"Біз үйінділердің тазалануын, тексеру жүргізілуін және шынымен зардап шеккен адамдарға көмек көрсетілуін және жауап күтіп отырмыз", – деді 33 жастағы тұрғын Кейли Ибарра.
Дүйсенбі күні Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес жер сілкінісінен зардап шеккендерге 25 мыңнан астам құтқарушы, полиция қызметкері және әскери қызметші көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Делси Родригес келтірілген шығынды бағалау жөніндегі комиссия құрылғанын хабарлады. Оған Ұлттық ассамблея төрағасы, оның ағасы Хорхе Родригес жетекшілік етеді. Ол қоныс аударуға мәжбүр болған адамдарды орналастыру үшін уақытша лагерьлер құрылып жатқанын айтты.
БҰҰ-ның тұрақты гуманитарлық үйлестірушісі Джанлука Рамполла дель Тиндаро дүйсенбі күні алғашқы жер сілкіністерінен кейін 500-ден астам афтершок тіркелгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сәрсенбі күнгі жерасты дүмпулерінен кемінде 2500 ғимарат зақымданған, олардың басым бөлігі толық қираған.
ОқыңызОл БҰҰ құтқару операциясы аясында мәйіттерді салуға арналған 10 мың қапқа тапсырыс бергенін айтып, қаза тапқандар санының әлі де арта түсетіні сөзсіз екенін жеткізді.
"Бұл – өте ауыр жағдай. Біз құрбандар саны бұдан аз болады деп шын жүректен үміттенеміз. Сондықтан қазір негізгі күшімізді құтқару жұмыстарына жұмылдырып отырмыз", – деді ол.
Венесуэлаға халықаралық қауымдастық тарапынан қосымша көмек көрсетілетіні мәлім болды. АҚШ 300 миллион доллардан астам қаржы бөлетінін хабарлады. Бұл бұған дейін жарияланған 150 миллион долларлық көмектен екі есе көп.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл қаражат шұғыл медициналық көмек көрсетуге, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ауыз су мен санитариялық қызметтерге, уақытша баспаналар ұйымдастыруға, халықты қорғауға және гуманитарлық жүктерді жеткізуге жұмсалады.
Еске салсақ, 24 маусым күні Венесуэлада араға бір минут салып екі қуатты жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік. Алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балл болса, небәрі бір минут өткенде магнитудасы 7,5 балл болатын екінші жер сілкінісі тіркелген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адам қаза табуына және жарақат алуына байланысты Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.