Қазақстандық әскери қызметкерлер тағы да Голан жоталарына жіберіледі

Қазақстанның үшінші ұлттық бітімгерлік контингенті БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына баруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әскери қызметкерлердің дайындығын Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында бағалады.
“Бітімгер” оқу орталығында контингентті даярлаудың толық циклі көрсетілді. Әскери қызметкерлер тактикалық, арнайы, медициналық және тілдік дайындықтан өтеді. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай көпұлтты ортада әрекет етуге үйретіледі.
Шетелдік бөлімшелермен өзара іс-қимылға және жоғары жауапкершілік жағдайында жұмыс істеуге ерекше назар аударылған.
ОқыңызМұстабеков оқу орталығының материалдық-техникалық базасымен, қызмет жағдайымен және оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қатар оған бітімгерлердің заманауи жабдықтары мен жеке құрамды қамтамасыз ету нормалары таныстырылды.
Сапар қорытындысы бойынша ол әскери қызметкерлердің дайындық деңгейін жоғары бағалады. Қорғаныс ведомствосы атынан жеке құрамға бағалы сыйлық табысталды.
Голан жоталарындағы БҰҰ-ның ажырату сызығын бақылау миссиясы 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстан бұл миссияға 2024 жылдан бастап дербес ұлттық контингент форматында қатысып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылдың наурыз айында Қазақстандық бітімгершілер "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" құрамында Голан жоталарына аттанған еді. Оның құрамында 139 әскери қызметкер бар.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен