Қазақстандық әйел көрші ауладан келген әйелді балалар алаңынан қуып, жанжал шығарды

Талдықорғанда екі әйел балалар алаңын бөлісе алмай жанжал шығарып, соңында төбелес шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі әйелдің арасында басталған сөз таласы балағат сөздерге ұласып, кейін төбелеске айналған.
Оқиға балалардың көзінше болған. Жанжалға қатысушылар көршілес аулалардың тұрғындары. Алайда олардың бірінің ауласында балалар алаңы болмағандықтан, ата-аналар мен балалар көрші ауланың ойын алаңына барған.
Бұл жағдай өз баласымен серуендеп жүрген әйелге ұнамай, ол ауладағы ойын алаңы тек өз үйінің тұрғындары үшін абаттандырылғанын айтып, бөгде адамдарға наразылық білдірген.
Енді кімнің кінәлі екенін сот анықтайды. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
"Оқиғаға қатысушылар анықталып, ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды. Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", – деді Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыңыз