ЕАЭО елдерінің басшылары Арменияны сыртқы саясат бағытын айқындау үшін референдум өткізуге шақырды

ЕАЭО елдерінің басшылары Армения билігін сыртқы саясат бағытын айқындау үшін референдум өткізуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей президенттері Арменияның Еуропалық одақпен интеграциялануға ұмтылысына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады. ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Арменияда жалпыұлттық референдум өткізу қажеттілігіне сенім білдірді.
Бұл референдумда ел азаматтары Арменияның болашақ бағытын: Еуропалық одаққа кіруін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігін жалғастыруын айқындауы тиіс.
Ресми құжатта мұндай референдумды барынша қысқа мерзімде өткізу қажеттігі атап өтілген.
Одақ елдерінің көшбасшылары Армения билігінің Еуропалық одақпен жақындасу бағыты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей Армения Еуроодаққа кірсе мұнай мен газ жеткізуді тоқтататынын ескертіп, сес көрсеткені туралы жазған едік.
Оқыңыз