Ресей Армения Еуроодаққа кірсе мұнай мен газ жеткізуді тоқтататынын ескертіп, сес көрсетті

Ресей Арменияға Еуроодаққа қосылар болса мұнай өнімдері мен алмаз жеткізу туралы келісімді тоқтататынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Коммерсантқа” сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеу енді 2013 жылы бұл тауарларға берілген бажсыз режимді мүмкін емес деп санап, Ереванға екіжақты келісімдерді тоқтату немесе күшін жоюды ойлап отыр.
Ресей энергетика министрі Сергей Цивилевтің Арменияның аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігіне хат жолдады.
“Арменияның Еуропалық одақпен ынтымақтастықты тереңдету бағытындағы жалғасып жатқан нақты қадамдары және Армения үкіметінің ЕО-ға кіруге деген ұмтылысы Ресей мен Армения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін сақтауға және дамытуға қауіп төндіреді. Бұл ынтымақтастықтың негіздерінің бірі – екіжақты халықаралық келісімдер", – делінген хатта.
Сарапшылардың пікірінше, егер келісім бұзылса, Армения қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Өйткені елге Ресейден келетін жеткізілімдердің орнын толтыру оңай болмайды.
Қазір Армения Ресейден жеткізілетін газдың 85%-ын, мұнай өнімдерінің кемінде 62%-ын және импортталатын алмаздардың 50%-ын алады.
Армения Ресейдің Бакумен қақтығыс кезінде Ереванды іс жүзінде қолдаудан бас тартқаннан кейін Еуроодақ және АҚШ-пен ынтымақтастықты күшейтуге шешім қабылдады. 2025 жылы Армения парламенті елдің Еуроодаққа қосылу процесін бастау туралы заң қабылдады.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты