“Әскерлеріміз барлық бағытта шабуылдауда”: Путин "соғыс аяқталуға жақын" деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді
Астанада өткен баспасөз конференциясында Владимир Путин өзінің жуырдағы Украинадағы соғысқа қатысты "іс аяқталуға жақын" деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистердің сұрағына жауап берген Путин соғыс жуырда аяқталады деп ойлайтынын қайталады, себебі оның пікірінше, ұрыс даласында Ресей әскерлері "барлық бағыт бойынша шабуыл жасап жатқан" көрінеді.
“Ұрыс алаңындағы жағдай бізге соғыстың аяқталуға жақын екенін айтуға негіз береді”, – деді Путин.
Оның айтуынша, Ресей әскерлері жақын арада жеңіске жетеді.

Баспасөз конференциясы барысында Путин Украинамен жүргізіліп жатқан келіссөздердің тоқтап тұрғанын да растады.
“Белгілі бір байланыстар сақталған. Бірақ нақты келіссөздер жоқ, дегенмен біз келіссөздердерге дайынбыз", – деді Ресей президенті.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей президенті Путиннің мемлекеттік сапармен Қазақстанға келгені туралы жазған едік. Сапар барысында Тоқаев пен Путин достық пен тату көршілік туралы маңызды құжатқа қол қойып, Астанадағы ресейлік "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан