Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Путин Тоқаев сапар
Фото: Ақорда\Видеодан скрин

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей көшбасшысының келуіне орай құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды, ал Ресей Президентінің ұшағы мемлекеттік шекарадан өткен кезде жанында Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары ілесе жүрді.

Владимир Путин құрамында 30-дан астам адам бар үлкен делегациямен келді, олардың арасында министрлер мен ірі компаниялардың басшылары да бар.

Қонақтар үшін салтанатты қарсы алу ұйымдастырылды: әуежайда қазақ және орыс халық әндері шырқалды. Сондай-ақ ұшу-қону жолағының үстінен Қазақстан мен Ресейдің тулары бейнеленген тікұшақтар ұшып өтті.

 

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Бұған дейін 27 мамырда Путин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келетіні туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2026 19:27