27 мамырда Путин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді

27-29 мамыр күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.
Оқыңыз28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары аспанда әскери жойғыш ұшақтардың ақ, көк және қызыл жолақтар қалдырып жатқанын байқады. Қорғаныс министрлігі бұған дейін алдағы іс-шараларға дайындық ретінде Астана әуе кеңістігінде 24 мамырдан бастап әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталатынын ескерткен.
Министрлік ұшулар қауіпсіз биіктікте өтіп жатқанын және қаланың күнделікті өміріне әсер етпеуі керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ тұрғындардан жаттығу кезінде болуы мүмкін шу туралы түсіністікпен қарауды сұрады.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?