Владимир Путин Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Путин еліміздің мемлекет басшысымен арада шынайы достық қарым-қатынас қалыптасқанын жеткізді.
“Біздің кездесулеріміз бен әңгімелеріміз әрдайым сенімге негізделген жағдайда өтеді және нақты нәтижеге бағытталады. Біздің елде тиімді, халық қолдайтын саяси жүйесі бар, тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикасы бар және өркендеп жатқан Қазақстанға үлкен құрметпен қарайды", – деді Ресей президенті Астанаға сапары қарсаңында жарияланған мақаласында.
Ресей президенті сондай-ақ барлық салада өзара тиімді Ресей – Қазақстан байланысын нығайтуды үнемі басты назарда ұстайтынын атап өтті.
Сауда және инвестициялар
Ресейдің Қазақстанға салған жинақталған инвестиция көлемі 30 миллиард долларға жеткен. Путин Ресей мен Қазақстан ірі сауда серіктестері екенін атап өтті.
“Бірнеше жыл қатарынан экспорт-импорт операциялары көлемінің тұрақты жоғары көрсеткіштері сақталып келеді, олардың басым бөлігі ұлттық валюталарда жүзеге асырылады. Сонымен қатар шетелдік капиталы бар қазақстандық заңды тұлғалардың 40%-дан астамы – Ресейден келген серіктестермен бірлесіп құрылған компаниялар. Ресейлік инвесторлардың қатысуымен республикада автомобиль жасау, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі және басқа да жоғары технологиялық салаларда шамамен 70 ірі жоба жүзеге асырылуда. Соның арқасында 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды”, – деді Ресей президенті.
Энергетика және АЭС салу
Мақалада Қазақстан мұнайының 80%-дан астам экспорты Ресей арқылы (КҚК) тасымалданатыны айтылды. Ұзақ мерзімге арналған негізгі жоба – Балқаш көлі маңында алғашқы АЭС салу.
“Каспий құбыр консорциумының жұмысы арқылы Ресей аумағымен Қазақстан мұнайы экспортының жалпы көлемінің 80%-дан астамы әлемдік нарықтарға жеткізіледі. Республиканы тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мақсатында "Газпромның" қатысуымен ұлттық газ тасымалдау инфрақұрылымын оңтайландыру және кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар ресейлік бизнес қазақстандық серіктестерге баламалы және "таза" энергетика саласындағы бірегей әзірлемелер мен технологияларды ұсынып жатыр”, – дейді Владимир Путин.
Оқыңыз30 сәуірде "Бәйтерек" кешенінен жаңа "Союз-5 / Сұңқар" зымыранының алғашқы ұшырылымы жүзеге асты. Путиннің айтуынша, мемлекеттік басқару мен өнеркәсіпке IT-шешімдер мен жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатыр.
Ол Солтүстік – Оңтүстік және Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді.
Сондай-ақ Владимир Путин Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін 8-9 мамырда Мәскеуге келгені үшін Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
Путин Алматы қаласында "Қазақстан–Сириус" халықаралық жалпы білім беру мектебі мен дарынды балалар және жастармен жұмыс істеу орталығын құру үшін бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтып қалды.
Мектептер мен білім беру орталықтарын 2029 жылы ашу жоспарланған. Сонымен қатар дәл осындай екінші кешенді Астанада да салу туралы келісім бар.
Еске салайық, 27-29 мамыр аралығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетіні туралы жазған едік.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты