Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ұзақ өмір сүруге көмектесетін жеті әдетті атады

қария
Фото: Jackyenjoyphotography / Getty Images

Регенеративті медицина саласының мамандары Камал Уэгл мен Джозеф Пурита ұзақ әрі сапалы өмір сүруге көмектесетін жеті әдетті атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Very Well Health басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлердің сөзінше, ұзақ өмір сүрудің басты негізі – тұрақты қозғалыс. Камал Уэгл дене белсенділігіне кейінге қалдыруға немесе ұмытуға болмайтын дәрі секілді қарауға кеңес берді.

 Сонымен қатар мамандар ақыл-ойды дамыту да маңызды екенін айтты. 

“Ми – бұлшықет секілді. Оның да дұрыс жұмыс істеуі үшін тұрақты түрде жаттығу қажет”, – деді Джозеф Пурита.

Ұзақ өмір сүрудің тағы бір маңызды шарты – жеткілікті демалыс. Дәрігерлер күн тәртібін сақтап, күйзелістен кейін ағзаның қалпына келуіне уақыт бөлуді ұсынды.

“Зерттеулер тамақтану дағдылары адамның қалай қартаятынымен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Жеміс-жидекке, көкөністерге, бұршақ тұқымдастарға, тұтас дәнді дақылдарға және пайдалы майларға бай тамақтану денсаулықтың жақсы болуымен байланысты”, – деді Камал Уэгл.

Сонымен ұатар мамандар адамның денсаулығына өмір салтынан бөлек, оның араласатын ортасы, әлеуметтік белсенділігі мен қызығушылықтары да әсер ететінін айтты. Джозеф Пурита зейнетке шыққаннан кейін адамдарға өз-өзіне тұйықталмай, жақындарымен және достарымен қарым-қатынасты сақтауға кеңес берді.

Оның пікірінше, ұзақ өмір сүрудің ең маңызды қағидаларының бірі – тұрақты профилактикалық тексеруден өту. Бұл аурулардың алдын алуға немесе оларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Дәрігер ұзақ өмір сүру үшін бірнеше жемісті аз тұтынуға кеңес бергені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 06 Маусым, 2026 20:04