Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар телефонды көп қолданудан денсаулыққа келетін зиянды атады

телефонды ұзақ ұстау
Фото: pixabay.com

Brazilian Society for Surgery of the Hand дәрігерлері телефонды ұзақ уақыт пайдаланатын адамдар екі ауыр ауруға тап болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Terra басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, бірінші қауіп – тендиниттің дамуы. Бұл сіңірлердің қабынуымен сипатталатын ауру. Дәрігерлердің түсіндіруінше, адам ұзақ уақыт бойы телефонда хабарлама теріп, қолын бір қалыпта ұстаса, қол мен білектегі сіңірлерге түсетін жүктеме артады. Соның салдарынан қабыну пайда болуы мүмкін.

Екінші қауіп – ризартроз, яғни бас бармақ буынының артрозы. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру қатты ауырсынумен, буындардың ерте тозуымен, қозғалыстың шектелуімен және қолдың сіресу сезімімен қатар жүреді.

Мамандар екі аурудың да негізгі себебі бір екенін атап өтті: смартфонды ұзақ пайдалану кезінде қолдың қайталанатын қозғалыстары мен тұрақты жүктемесі.

Дәрігерлер тәуекелді азайту үшін телефон қолданғанда үзіліс жасап, қол мен саусақтарға жаттығу жасап тұруға кеңес береді. Сондай-ақ құрылғыны ұзақ уақыт бір қалыпта ұстамау ұсынылады.

Назархан Уән
Жексенбі, 24 Мамыр, 2026 20:00