Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер бедеулік диагнозын қойған: Күйеуі әзірлеген тағамдарды жеген әйел күтпеген жерден жүкті болды

TikTok қолданушысы Рэч Салливан (@rachsullivan__) қамқор күйеуі даярлаған тағамдарды жеп, қалай аяғы ауырлағанын айтып берді. Дәрігерлер оған бедеулік диагнозын қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram/mealssheeats

Сәби сүюді армандаған күйеуі гормондарды қалыпқа келтіру үшін қандай тағамдар жеу керек екенін зерттеген. Жеке тәжірибесімен бөлісу мақсатында Instagram парақшасын жүргізе бастаған. 

"Дәрігерлердің берген жалғыз кеңесі – бала тууды бақылау орталығына бару болды. Шипаны астан іздей бастадық", – дейді әйел. 

Айтуынша, күйеуі тоңазытқышқа күнделікті қажетті азық-түлік өнімдердің кестесін іліп қоятын болған. Ол тіпті әйелінің етеккір цикліне сай келетін ингредиенттер тізімін жасаған.

Фото: Instagram/mealssheeats

Өткен жылдың қазан айында жұп сәби күтіп жүргендерін жариялады. Енді Том гормондарды қалыпқа келтіретін тағамдардың орнына болашақ сәбиімен өлшемдес өнімдерді беріп жүр. 



"Бұл – ғаламтордағы ең пайдалы контент", "Сіздер сондай ғажапсыздар. Бір-бірлеріңізді қалай жақсы көретіндеріңіз маған ұнайды", –  деп тамсанды жұптың желідегі оқырмандары. 

Талқылау