Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

57 жастағы әнші әдейі коронавирус жұқтырам деп көз жұмды

Чехияда коронавирусты әдейі жұқтырған Asonance фольклорлық тобының вокалисі Гана Горка көз жұмды. 57 жастағы әншінің қайтыс болғанын оның ұлы BBC-ге растады.

Горка әлеуметтік желілерде коронавирусқа жұқтырғанын, алайда қазір сауығып келе жатқанын жазған. Бірақ бұл жазбаны жариялағаннан кейін екі күн өткенде қайтыс болды.

Әншінің ұлы Ян Рек әкесі екеуінен инфекция анықталған кезде анасының коронавирусты әдейі жұқтырғанын айтты. Рек пен оның әкесі вакцина алған, бірақ желтоқсанның соңында вирус жұқтырған. Горька оқшауланудың орнына олардың жанында болды. Әнші екпе алмаған.

"Ол біздің сырқатымыздан кейін бір апта бойы оқшаулануы керек еді, бірақ ол бізді тастап кете алмады", – деді Рек.

Сауыққаннан кейін әнші Чехияда кейбір мекемелерге, соның ішінде кинотеатрларға, барлар мен кафелерге баруды жоспарлаған. 

"Енді театрға, саунаға және концертке баруға болады", – деді ол.

Әнші жақындарына өзін жақсы сезініп, серуендеуге шыққалы жатқанын айтты. Бірақ кенет оның арқасы ауырып, жатын бөлмеге жатып қалған көрінеді.

"Он минуттан соң бәрі кеш еді. Ол тұншығып қалды", –  дейді ұлы.

Гана Горка Чехиядағы бұрыннан келе жатқан топтардың бірі –  Asonance фольклорлық тобының вокалисі болды.

“Ол қалада жүріп-тұруын ештеңе шектемес үшін вирусты әдейі жұқтырғысы келді. Ол вакцина алудан гөрі ауруды жұқтыруды жөн көрді”, – деді ұлы.

Ұлы анасының оқиғасы көп адамды вакциналауға ынталандырады деп үміттенеді.

"Осындай нақты өмір мысалдары графиктер мен сандардан гөрі сенімдірек. Сандарға сену қиын", – дейді ол.

Сәрсенбіде Чехияда коронавирус жұқтырғандардың саны шарықтап кетті – соңғы тәулікте 28 469 адам індетке шалдыққан. Ел халқының саны 10,7 миллион адамды құрайды.

Жақында үкімет аурудың таралуына қарсы күрестің жаңа шараларын, соның ішінде міндетті тестілеуді енгізді. Бұл ретте симптомсыз науқастарды оқшаулау мерзімі 14 күннен 5 күнге дейін қысқарды. Чехияның ересек тұрғындарының шамамен 63%-ы ЕО-да вакцина алған адамдардың орташа үлесі 69% болғанына қарамастан, толығымен вакцина алған.


Үндістанда төрт қолды, төрт аяқты сәби дүниеге келді

Талқылау