Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер кімдерге дәрумен ішуге болмайтынын айтты

Дәрумендер кейбір ауруларды асқындырып жіберуі мүмкін. Дәрігер-гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Ирина Бережная Sputnik радиосына берген сұхбатында қай кезде дәрумен қабылдауға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

витаминКөрнекі сурет

Күзде көптеген адамдар иммунитетті нығайту үшін дәрумендер мен минералды кешендерді пайдаланады. Бірақ мұндай өнімдерді алмас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс. Гастроэнтерологтың айтуынша, дәрімендердің қарсы көрсеткіштері бар және әр адам оны білуі тиіс.

"Егер асқазан-ішек жолында қабыну болса, оған дәрумен қабылдауға болмайды. Өйткені олар қабынуды асқындырып, ішекті тітіркендіруі мүмкін. Асқазанда ойық жаралар байқалса да, дәрумен тағайындамайды. Өйткені ойық жара хеликобактер инфекциясынан туындайды, ал хеликобактер – бұл бактерия. Дәрумендер, керісінше, бактерияның өмір сүруіне ықпал жасап, оларды көбейтеді. Сондықтан алдымен ауруды емдейміз, содан кейін дәрігердің нұсқауы бойынша дәрумендер курсын қабылдауға болады", – деді Ирина Бережная.


Мамандар қандай дәрі-дәрмектің шаш түсуіне әсер ететінін айтты


Созылмалы аурулар асқын кезде де дәрумендерді қабылдамаған жөн деп қосты дәрігер.

"Егер адамдар ұзақ уақыт бойы ауырса, ол әлсірейді. Бұл кезде дәрумендер ағзаға оң әсер етеді. Бірақ аурудың өткір кезеңінде дәрумен тағайындалмайды", - деп атап өтті маман.

Талқылау