Мамандар қандай дәрі-дәрмектің шаш түсуіне әсер ететінін айтты
Дәрігер Александр Мясников шаштың түсуіне себеп болатын дәрі-дәрмектерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша шаш тығыздығының жоғалуының жалпы себептерінің бірі жоғары қан қысымына қарсы препараттар, құрысуға қарсы препараттар антибиотиктер мен асқазан ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер.
"Егер шаш түсу мәселесі сізді алаңдатса, не қабылдап жүргеніңізге назар аударуыңыз керек. Сізге шаш түсуіне қарсы дәрумендер берілуі мүмкін. Алайда сіз ол дәрумендермен қатар шаштың түсуіне әсер ететін дәрілерді қабылдап жүруіңіз де мүмкін", – деді дәрігер.
Сондай-ақ сарапшы әйелдерде шаштың түсуінің жиі кездесетін себебі темір тапшылығы анемиясы және диетадағы ақуыздың жетіспеушілігі екенін атап өтті. Жұқпалы және созылмалы аурулар, стресс және қалқанша безінің аурулары салдарынан да шаш қарқынды түсуі мүмкін.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"