Дәрігер қандай тағамдардың күйзеліс деңгейін төмендететінін айтып берді
Дерматовенеролог Юлия Андреанова "Вечерний Москваға" берген сұхбатында азық-түліктің кейбір түрі стресті жеңіп, эмоционалды-физикалық жағдайды қалыпқа келтіруге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мұндай өнімдерге шоколадты жатқызуға болады. Ащы шоколадты таңдаған дұрыс дейді ол.
Бұнымен қоса, жаңғақ, майлы балық және өсімдік майлары көмектеседі. Диетаға көкөніс пен жемісті қосу ұсынылады. Әсіресе стреспен күресуде сары, қызғылт сары және қызыл жемістерді жеген жөн.
Сонымен қатар маман сұлы, қарақұмық, тары ботқасын жеу керек дейді.
Күйзелістен арылу үшін ұйқы өте маңызды. D, E, A витаминдері, Омега-3, -6, -9, мырыш, магний, кальций микроэлементтері керек. Сондай-ақ, күніне 1,5-2 литр су ішу қажет.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"