AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер ыстық өтуден қалай сақтану керектігін айтты

Ауа температурасы жоғарылағанда ыстық өтуден қалай сақтануға болады? Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников кеңестерін айтты, деп хабарлады РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маман ыстық ауа райында тікелей күн сәулесінің астында 15-20 минуттан артық жүрмеу керек дейді. Өйткені қатты ыстықта температура 40-50 градусқа жетуі мүмкін.

Дегенмен, сарапшының айтуынша, ыстық өту басқа да жағдайда орын алуы мүмкін. Ауасы тар бөлмеде отыру да бұл қауіпті артырады. Ыстық ауа-райында желдетілмейтін немесе салқындамайтын қонақ бөлмесі немесе жылу шығаратын жабдықтары бар өндірістік бөлмеде отырмаған жөн.



"Ыстық өту қаупі дене температурасы 40 градустан жоғары көтерілген жағдайда пайда болады. Мұндай температурада мидың, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысында күрделі өзгерістер басталады, өмірлік маңызды функциялар айтарлықтай нашарлайды. Уақытылы көмек көрсетілмесе, қиын жағдай орын алуы бек мүмкін. Көптеген адамда әртүрлі созылмалы аурулар, иммунитеттің төмендеуі, артық салмақ, кәрілік салдарынан терморегуляция механизмі толығымен әлсіреген. Әлсіз терморегуляция жас балаларда да кездеседі. Сондықтан температураның көтерілуіне өте сақтықпен қарау керек, –  дейді Андрей Тяжельников.

Ол аптап ыстықта дене шынықтырумен қатар, су ішу режимін сақтамау да ыстық өтуге әкелетінін атап өтті.

Тығыз және синтетикалық киім денені желдетуді қиындатады, осылайша дене қызады. Синтетикалық маталардың бұл қасиеті денені қыздырып жіберуге ықпал етеді.

Маман ыстықта бас киім киюді назардан тыс қалдырмауға кеңес береді, өйткені ол басты қызып кетуден сақтайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр